Қармақшыда тамыз конференциясы басталды

304

0

Қармақшыда тамыз конференциясы басталды Бүгін аудандық мәдениет үйінде білімі қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы басталды.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы Қармақшы ауданы білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына аудандық мәслихат депутаттары,облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары, аудандық мекеме басшылары, бөлім басшылары, кент, ауыл округ әкімдері, білім беру саласының қызметкерлері, ата-аналар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» деген.
Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан да ең маңызды міндеттердің бірі –педагог мәртебесін көтеру. Бүгінгі күні ауданда 1907 педагог қызметкерлер еңбек етеді. Оның 1730-ы жоғары, 177-і арнаулы орта білімді. 161-і жоғары, 683-і І, 528-і ІІ санатты мұғалімдер.
Тамыз конференциясында білім беру ісінде озық жүйені құру, білім беру бағдарламаларындағы болып жатқан өзгерістерді қолдау, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту сапасын күшейту т.б. білім саласындағы өзекті мәселелер қозғалатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<