Қармақшыда «Жастар балы» өтті

467

0

Кеше Қармақшы ауданында тұңғыш рет «2019 жастар жылына» орай «Қармақшы жалынды жастар мекені» атты аудан жастарының балы өткізілді.
Жастар балының құрметті қонақтары қатарында аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы және Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Жасұлан Нұргелдіұлы және аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы қатысты. Жастар балының алғы сөзін маслихат хатшысы Марат Наятұлы ашып, аудан жастарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. 
Сондай-ақ, жастар және оқушылар мәслихаты депутаттарының куәліктері мен төс белгілерін табыстады. Сонымен қатар шара барысында ауданымызда жастар саясаты саласында қызмет атқарып жүрген мамандармен бірге белсенді жастар облыс әкімінің орынбасарының, аудан әкімінің және жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаттарымен марапатталып, құрметке бөленді.  
Шара соңы жастардың бал биімен және «Алғашқы қар» атты шоу бағдарламаға жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<