Армения, Қырғыз нөмірлі көліктер тіркелмесе, қандай жаза тағайындалады?

179

0

Армения, Қырғыз Республикасы, РФ-дан әкелінген көліктерді Қазақстанда уақтылы тіркемеген жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған? Бұл сұраққа ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егер азамат заңды біле тұра талаптарды орындамаса, онда тиісті шара қабылданады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабы бойынша әкімшілік шара қарастырылған. Автокөлік айыптұрағына қойылады. Кемшілік жойылғанға дейін автокөлік тұрақтан шығарылмайды», – деді ол.
Әкімшілік полиция комитеті өкілінің айтуынша, осы мәселе кейінгі үш жылдан бері айтылып келе жатыр. Десе де, заңды елемеу жағдайы әлі де бар.
Еске сала кетсек, кеше ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған болатын.