Арнаулы өкілді қабылдады

107

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады.

Мемлекет басшысы Ауғанстан билі­гі­мен екіжақты қарым-қатынасты ны­ғай­туда ар­нау­лы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.

Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гума­нитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.