Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді. Отырыста Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында іс-шаралардың іске асырылуы бойынша Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жалғасбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А.Қайруллаев және Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаев баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Отырыс қорытындысымен арнайы мониторингтік топ мүшелері тарапынан халықтың көкейінде жүрген және әлі күнге дейін шешімін таппаған өзекті мәселелер көтеріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халыққа сапалы қызмет көрсету және анықталған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауға ұсыныстар берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<