«АрселорМитталТемиртау» АҚ-ның көмір шахтасында өрт болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.«15 ақпан сағат 21:30 шамасында Шахтинскіге жақын маңдағы шахтада өрт болды. Өрт 100 м тереңдікте болған. Шахтадағы 116 адам эвакуацияланды. Жалынды сөндіруге 60 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Шахта «АрселорМитталТемиртау» АҚ-ға тиесілі», – делінген хабарламада.





