Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

204

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Басықара ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзатаев Пірназардың отбасына барып, Жаңа жылмен мерекесімен құттықтады.

Сұрапыл соғыстағы майдангердің көрсеткен ерлігіне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.Сонымен қатар, жеңісті жақындатқан жанға сый-сияпат көрсетіп, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтыңқұттықтау хатын табыстады.

Қарт майдангерге аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та өз лебіздерін білдірді.

Ақсақал Жаңа жыл мерекесімен құттықтай келген аудан әкіміне алғысын айтып, ақ батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<