Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиға орнынан редакцияның WhatsApp-нөміріне суреттер мен видеолар жолдап жатыр.«Бүгін, 9.20-да өртсөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілдері.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.





