ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап жазған әнін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Достарым, әсем елордамыздың мерейтойына арналған «Ақ ордам – Астана» әнін Capriccio тобының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Шөмішбай Сариевтікі, музыкасының авторы мен. Көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.
Айта кетейік, Capriccio музыкалық тобына белгілі журналист Айгүл Мүкей продюсерлік етеді.
Топ құрамында 8 солист бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<