Кеше қалалық сотта 2018 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарды қорытындылады. Баспасөз конференциясын қалалық сот төрағасы М.Еркінбеков ашып, сот жұмысының статистикалық көрсеткіштерімен таныстырып өтті.
Бәрімізге белгілі, қарапайым халық арыз шағымдарын бұрынғыдай табан тоздырып кабинет араламай, кез келген жерде отырып жіберуге мүмкіндіктері бар. Бұл мүмкіндік “Сот кабинеті” сервисі арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге, “Сот құжаттарымен танысу” сервисі сот процесіне қатысушыларға істерге қатысты мәліметтерді және электронды сот құжаттарын қарауға мүмкіндік береді. Аталған сервис органдардың онлайн-сервистері мен қызметтеріне “бір терезе” қағидасы бойынша қол жеткізеді. “Сот кабинеті” электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін, атап айтқанда сервиске тіркелу тәртібін, электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу жөнінде және соттарға енгізілген жаңашылдықтар бойынша түсіндірілді.
Жоғары соттың ресми интернет-ресурсындағы “Сот істері жөніндегі анықтамалық” сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Кейіннен “Сот істері жөніндегі анықтамалық” сервисі “Сот кабинеті” сервисінің құрамына енді.
Салыстырып қарасақ, қалалық сотының 2017 жылдың 3 айында азаматтық іс жүргізу тәртібімен барлығы 4 170 арыз келіп түссе, 2018 жылдың 3 айында барлығы 5 658 талап арыз келіп түскен. Сонымен қатар, былтырғы жылдың 3 айында қалалық сотқа түскен арыздың саны биылғы жылдың 3 айына қарағанда 74 пайыз көбейген. Айта кететін жәйт, биыл электронды түрде түсетін талап арыз саны артқан. 2017 жылдың 3 айында 4 077, ал 2018 жылы 4 784 талап арыз түскен.
Айсәуле Нұрланова,
ҚМУ-дың 1 курс студенті.
ҚМУ-дың 1 курс студенті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<