Арзан киім алғысы келгендер бір-бірін таптай жаздады

1038

0

Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар бір-бірін итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пунктің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараратында.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы киім дүкеніне кезекке тұрған адамдардың видеосы тарады. Онда көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Тіпті, қысылып қалғандар арасында балаларда болған.

«Осындай акция жасамай-ақ қойыңдаршы халықты қинамай», «Мынау сұмдық қой, айтарға сөзім жоқ», «Тегін киім таратып жатқандай»-деп жазған бір оқырман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<