Аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған екі күдіктіні құрықтады

238

0

 15 наурызда Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы және Есірткі кылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Арал-Шеп» бекетінде «Ниссан» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті «Крона» қызметтік итімен тексеру барысында көлік жүргізушісінің қалтасынан қағазға оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары, ал жолаушысы Маңғыстау облысының тұрғыны сөмкесінен 2 бөлек скочпен оралған ерекше исі бар, шөп ұнтақтары алынды.
Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар заттар 3,5 кг «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Бүгінгі күні екі күдікті Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК-нің 297-бабының 3- бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<