КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың көлігіне өз есімі жазылған нөмір тағып алғаны әлеуметтік желіде біраз шу шығарды. 84 жастағы актерді Қызылордадағы жол полициясы өкілдері тоқтатқан болатын. Әйгілі актер Ұлттық арнадағы «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
«Құрметті, әлеумет! Мен қазір ғана жолдан келдім. Әлеуметтік желіде менің көлік нөмірім шу боп жатыр. Менімен бірге кино түсірілімі жүр, сол үшін ғана уақытша тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін ғой, білемін ғой…Тәртіп бұзбасақ, кино тәртібін бұзбасақ, жарты мезгіл тағуға болады ғой кино үшін. Олар жолда түсірді, көшеде түсірді. Бұл менің документалды фильмімде шығатын нәрсе», – деді Асанәлі Әшімов.
Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімовтің өз аты жазылған көлік нөмірін таққан видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Осыған байланысты пікір білдірген полиция қызметкерлері де аталған нөмір әйгілі актердің 85 жылдығына арналған деректі фильмді түсіру барысында қолданылғанын растады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<