АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

259

0

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің естелік монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақпарат».
Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.
Сондай-ақ, елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған мәдени іс-шаралар өткізу жоспарда бар.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<