АҚШ-та ұшақтан мектеп аумағына әуе отыны төгіліп, 60 бала зардап шекті

282

0

60 бала мен бірнеше ересек Лос-Анджелес әуежайына апатты жағдайда қонған Boeing 777-200 әуе кемесінен тасталған реактивті отыннан кейін медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Жанармай бактарынан керосин алты мектеп орналасқан аймаққа, атап айтқанда балалар алаңына шашыраған. Зардап шеккендер тыныс алуларының қиындауы мен терілерінің тітіркенуіне байланысты шағымдануда. Delta 89 рейсі Лос-Анджелестен Шанхайға ұшқан, бірақ қозғалтқышының сынуына байланысты экипаж шұғыл түрде қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Тексеру жүріп жатыр.
Delta Airlines әуе компаниясы шұғыл қонбастан бұрын ұшақ салмағын азайту үшін отынды төгу қажет болғанын ресми түрде растады. Лайнер сәтті қонды, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<