Ақша үшін анасын пышақпен қорқытқан

273

0

Ақша үшін анасын пышақпен қорқытқан Байқоңыр қалалық сотында анасынан ақша алу үшін оны пышақпен қорқытқан жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен жүргізілді. Байқоңыр қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға барысы былай өрбіген. Сотталушы азамат Байқоңыр қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан пәтерде жанжал шығарған. Жанжал барысында айыпталушы асхана пышағымен ақша бермегені үшін анасын «өлтіремін, пышақтаймын» деп қорқытады. «Аталған іс әрекеті арқылы азамат ҚР ҚК-нің 115-бабына сай заңға қайшы әрекет жасаған», – деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі. Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (48100 теңге) айыппұл салуға үкім етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<