Қашақбай Пірімов ауылында орталық саябақ ашылды

671

0

  Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Құмжиек ауылдық округіне қарасты Қашақбай Пірімов ауылындағы орталық саябақтың ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы ауыл тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта елдімекенге көрсетілер көмектің жалғасатындығын атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы мердігер мекеме «ҚазалыСтройСервис» ЖШС-інің жұмысына өзінің оң бағасын берді. Жиында ауыл тұрғыны, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Б.Нұршабаев аудан басшысына халықтың алғысын жеткізді.
Саябақтың ішіне жиналған қауым алдымен Тағзым алаңына беттеді. Одан кейін спорт алаңы және балалар ойын алаңдарымен танысты. Жаңа саябақ ішіне сахна орнатылып, арыстан, бүркіт, барыстың мүсіндері қойылып, брусчатка төселген. Халықтың демалыс орнына айналатын орталық саябаққа ауыл тұрғындары дән риза.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<