Қамыстыбас ауылындағы Құтқару бөлімшесінде №21 орта мектептің оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – қауіпсіздік мәдениетін арттыру, оқушыларға құтқару қызметінің жұмысын таныстыру.
Құтқарушылар су айдынында құтқару құрал-жабдықтарымен, арнайы техникалармен, күнделікті атқаратын қызметтерімен таныстырды. Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер, суда қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді.
Іс-шара барысында түрлі тәжірибелік жаттығулар, қауіпсіздік бойынша викториналар, қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, нақты жауаптарын алды.
Мектеп ұжымы мен оқушылар аталмыш іс-шараны жоғары бағалап, құтқарушыларға алғыс білдірді. Мұндай танымдық кездесулер балалардың білім мен дағдыларын меңгеруіне үлес болары сөзсіз.
Қамыстыбас Құтқару бөлімі






