Ашық кубок жеңімпаздары марапатталды

314

0

Фото: ашық дереккөз

Классикалық шахматтан облыс әкімінің бірінші ашық кубогының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Жігер Айекешов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Жасұлан Шынтасов, ҚР Шахмат федерациясы бас демеушісі «Fredoom Broker» компаниясының директоры Санжар Бетеков қатысты.

Білім мен тәжірибе ұштасқан ой жарысында үздік атанған спортшыларға арнайы дипломдар табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша «А» тобында І орынды Беларусь елінен келген шахматшы Алексей Федоров, ІІ орынды Қырғызстан елінен келген шахматшы Элдияр Оразбаев, ІІІ орынды қазақстандық Нұрдаулет Таңатов иеленді.

«А» тобы бойынша әйелдер арасында «Ең үздік нәтиже» номинациясымен қазақстандық Аяулым Қалдарова марапатталды. «Б» тобында І орын Шадияр Ермағамбетов, ІІ орын Айнакүл Нұрислам, ІІІ орын Ғалымжан Ибраев, IV орын Колосовский Антон, V-ші орын Ким Кристинаға табысталды.

Сонымен қатар «Б» тобы бойынша «Рейтингі 1800 дейінгі үздік спортшы» номинациясымен Оспан Нұрсат, «Рейтингі 1600 дейінгі үздік спортшы» номинациясымен Мейірғали Заңғар, «1974 жылы туған және одан жоғары үздік спортшы» номинациясымен Егай Юрий, «Әйелдер арасында үздік спортшы» номинациясымен Кәусар Әли, «2008 жылы туған және одан да кіші үздік спортшы» номинациясымен Нұрдос Айдарбек, «2014 жылы туған және одан да кіші үздік спортшы» номинациясымен Аружан Тоқтарбаева, «ФИДЕ рейтингісіз үздік спортшы» номинациясымен Эдуард Пак марапат биігінен көрінді.

Шахматтың «Блиц» түрі бойынша мемлекеттік қызметшілер арасындағы сайыстың нәтижесінде Әкім Зат бірінші орын, Бижан Қалдыбеков екінші орын, Мейірбек Нұралы үшінші орын алды.

Айта кетейік, халықаралық шахмат жарысына 80-ге жуық спортшы қатысты. Олар Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен халықаралық рейтингісі бар 10 спортшы, сондай-ақ, Қызылорда облысынан 70-ке жуық шахматшы сынға түсті.

Бүгінде облыс бойынша 16 314, оның ішінде ауылдық аймақтарда 7189 адам шахматпен айналысады. Облыс көлемінде 365 жаттықтырушы жас шахматшыларға дәріс береді.

«СБ» ақпарат»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<