Аспай суағытқысы қайта іске қосылды

208

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Аудандағы көлдер жүйесі бүгінде тіршіліктің тетігі, шараушылықтың нағыз көзіне айналғаны белгілі. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын аудан аумғанда қуаңшылық болып, төтенше жағдай жарияланған тұста Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін 2021 жылы Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» учаскесінде дария арнасы бөгеліп, «Аспай» су ағытқысын іске қосылғанын жұртшылық жақсы біледі. Нәтижесінде елдегі шаруаларға төнген қауіптің беті қайта бастады.

«Бұрмақұлақ» учаскесінде Сырдария арнасында су деңгейі көтеріліп, Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесінен бөлек жолдағы каналдарды су ала бастады. Бұған қоса «Аспай» суағытқысынан су тасталып және оң жақ қашыртқы каналы арқылы төменге қарай, яғни Кіші Арал теңізіне су жіберілді.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сырдария өзені арнасымен мол су және сең өту барысында «Аспай» су ағытқысы жанындағы «Ескі арнасы» өздігінен жырылып, нәтижесінде аудан көлеміндегі көлдер жүйесіне су мөлшері өз деңгейінде жетпегені белгілі болған-ды.

Осыған байланысты, бүгінгі таңға қайта қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаржы бөлініп, «Аспай» су ағытқысы өз деңгейінен 30-40 сантиметрге түсірілді.

Бұдан бөлек «Ескі арна» арнасын бөгеу арқылы Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін қайта суландыруға мүмкіндік болды. Осы мақсаттағы жұмыстардың бір бөлігі Жаңақұрылыс ауылдық округінде де орын алды. Округке қарасты «Ералы» каналының екі жағалау бөгеті қайта қалыпына келтіріліп, аталған су арнасы арқылы елді мекен аумағындағы жерлер суландырылуда.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<