Асқазанынан тас алған

1014

0

Жуырда көпбейінді қалалық ауруханасының науқастарды қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен науқас жеткізілді. Ол қабылдау бөлімінде толық қаралып, шағымдары негізінде «Өт-тас ауруы» диагнозымен хирургия бөліміне жатқызылды. Тексерулер нәтижесінде өт қабымен асқазан арасында жыланкөз (свищ) анықталып, сол арқылы көлемі 7,0-4,0 см тас асқазанға түсіп, кептеліс тудырған. Аталған жағдай көп кездесе бермейтін патологиялар санатына жатады.

Науқасқа жедел түрде дайындық жүргізілгеннен кейін ота жасалып, үлкен көлемдегі тас алынып тасталды. Қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы тұрақты, хирургия бөлімінде емін жалғастыруда. Отаны жасаған хирургия бөлімінің дәрігері жоғары білікті маман Нұрболат Тұяқбаев.

Жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болса да дәрігер Нұрболат Жарылқасынұлы қашан да өзінің біліктілігінің, күш-қайратының арқасында жеңе білді. Өлім мен өмір арасында тұрған талай науқасты аман алып қалып, демеу болған дәрігерімізге халықтың алғысы шексіз. Халық үшін қалтқысыз еңбек еткен ақ халатты абзал жан үшін халықтың өзіне деген кіршіксіз таза пейілінен асқан құрмет жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<