Ассамблея жастары ҚХА тарихынан ақпар алды

285

0

Фото: DOSTYK_NEWS

Достық үйінде Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ассамблея дамуындағы маңызды кезеңдердің тарихы жайлы ақпарат алды. Көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі, өткен дәуірі мен бүгінгі күннің жетістіктері тұрғысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (PhD) Дәулет Омаров айтып берді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Тәуелсіздіктің берік іргетасы елімізде өмір сүретін күллі этностардың ортақ тарихи-мәдени құндылықтарымен қаланды. Ал, оны негіздеп әрі топтастырып отырған қазақ ұлты болып табылады. Елімізде барлық этностардың ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының, ұлттық ерекшеліктерінің сақталуы мен дамуына барлық жағдай жасалғандығын айтып, этномәдени бірлестіктердің жетістіктері, үнқатысуға деген ашықтығы, жаңашылдыққа ұмтылысы, өзара ықпалдастығы бүкіл қазақстандықтардың жалпыұлттық құндылығы екендігін алға тартты.

Сондай-ақ, ҚХА 30 жылдық белесіне Ассамблея жастарының қосар үлесі орасан зор екендігін атап өтті.