Астана әкімі жарықтың сөндірілуіне байланысты жағдайды түсіндірді

298

0

Фото: видеодан алынған кадр

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Instagram парақшасында елорадада жарықтың неліктен сөндірілгені туралы айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалғанын хабарладық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<