«ҚР Президентінің 2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қоюына байланысты Әділет министрлігі мыналарды түсіндіреді. Елорда атауының өзгеруі азаматтарға сатып алу-сату, сыйға тарту, ауыстыру, пайдалануға қабылдау сынды жылжымайтын мүліктің құқын белгілейтін құжаттарды, сонымен қатар туу туралы, өлгені туралы, неке қию/бұзу туралы азаматтық хал-ақуал актілерін тіркеу құжаттарын ауыстыру міндетін жүктемейді. Аталған құжаттарда елорданың бұрынғы атауының жазылуы оларды жарамсыз қылмайды», – деп атап өтеді министрліктен. Сонымен қатар ведомство Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына автоматты түрде ауысатындығын атап өткен.
Астана атауы өзгеруіне байланысты қолданыстағы құжаттар да ауыстырыла ма
25.03.2019
268
0





