Астана дәмханасындағы жанжал: Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

462

0

Фото: instagram.com/beibutshumenov

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы дерекке қарағанда, Бейбіт Шүменовке 22 шілдеде еліміздің Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасы іздеу жариялаған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған едік. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бокстан бұрынғы әлем чемпионы Б.Шүменовтің сауда орталықтарының бірінде ер адаммен төбелескенін растады.

Іле-шала Бейбіт Шүменов те әлеуметтік желіде тараған видеодағы жанжалдың мән-жайын түсіндірмек болды.

Боксшының кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<