Астана – Елбасының ерлігі мен еңбегі

271

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі еңбегін ескере отырып, Тұңғыш Президенттің атын ұлықтап, мәңгі есте қалдыру қажеттігін атап өтті. Яғни, Астана атауын «Нұрсұлтан» деп өзгертуді ұсынды. Мұны орынды ұсыныс деп білемін. 
Себебі, 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдап, еліміздің бас қаласын Ақмолаға көшірді. Енді ғана еңсесін көтеріп жатқан жас мемлекет үшін бұл үлкен өзгеріс болатын. Сол кездегі қиындықтарға байланысты мұндай шешімге күдік пен алаңдаушылық білдіргендер де аз болған жоқ.   Елбасының көрегендігі, тәуекелділігі, батыл қадамы  мемлекетіміздің кемел келешегіне, ұлтымыздың баянды болашағына жарқын жол ашты.
Астана – бүгінде әлем таныған, танып қана қоймай мойындаған қалаға айналды. Елбасымыздың асқақ арманы, айқын мақсаты жүзеге асты. Астанамыз жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті жарасқан, барша қазақстандықтардың бас ордасына айналды. Сондықтан да біз бүгін Қазақстанның дамуына серпін берген елордамыздың авторына ризашылық білдіре отырып, оның  есімін Астана қаласына беруді құптаймын. Өйткені, тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, керегесін кеңейтуде Н.Назарбаевтың еңбегі зор.

Асылхан АСУАТОВ,
облыстық тарихи-өлкетану
музейінің қор сақтаушысы.