Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында 3 қаңтар күні 42 жастағы Баян Алтынбекова жоғалып кеткен еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді.
Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды. Іздеу аяқталды, Баянның денесі табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, – деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<