Астана қаласында республикалық семинар өтті

456

0

Фото: Сыр дарыны

2024 жылдың 29 мамыр күні Астана қаласында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы мен оқыту семинары өтті.

Семинарға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің бөлім басшысы Гүлжазира Жалғасбекқызы қатысып Қызылорда облысы бойынша тестілеуді үйлестіру жұмыстары туралы баяндама жасап, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспары бойынша іс тәжірибесімен бөлісті.

Олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысы республикадағы өңірлер арасында алғашқы қатардан көрінді.

2022-2023 оқу жылында жеңімпаздар саны 130 болса биылғы оқу жылында 168 оқушыға өсті.

Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарымыз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<