Астанада итті аяусыз көлікке байлап, кейін жол бойымен сүйреген азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға сағат 13:40 шамасында «СпецЦОН №1» аялдамасы маңында болды. Иттің мұндай күйде қанша қашықтықты жүріп өткені әлі белгісіз.
Полицияның мәліметінше, 41 жастағы ер адам итті багажына байлап, төменгі жылдамдықпен қозғалған. Иттің иесі алдымен жануарды серуендеткісі келгенін айтып ақталды. Айтуынша, кейін ит жүрмей қойғасын иесі оны көлікке байлап қойған.
Ер адамға үй жануарларын ұстау және серуендету ережесін бұзғаны үшін әкімшілік іс тіркелді.






