Астанада қай облыстың тұрғындары көп қоныстанғаны белгілі болды

436

0

Астанада қай облыстың тұрғындары көп қоныстанғаны белгілі болды Астана қаласы Статистика департаментінің басшысы Құндызбек Әбдірәсілов елордада қай облыстың тұрғындары көп қоныстанғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Астана тұрғындарының орташа жасы – 29,6.

«Бұл Астана жастардың қаласы екенін көрсетеді. 20 жыл ішінде елордада 281 мың 69 бала сәби дүниеге келді. Астана халқының табиғи өсуі 20 жылда 212 мың 543 адамды құрады. 1998-2017 жыл аралығында елордаға 1 млн 10 967 адам қоныстанды», – деді ОКҚ-де «Астана қаласының 20 жылдығы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуы» тақырыбында өткен брифингте.

Осы орайда Әбдірәсілов Құндызбек Астанаға қай өңірдің халқы көп қоныстанғанына тоқталды.

«Астана халқының көшіп-қону өсіміне тоқталайын. 2017 жылғы мәліметке сәйкес, халықтың басым бөлігі Ақмола облысы – 17,5%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 16,2%, Қарағанды облысы – 9,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 8,7%, Алматы қаласы – 7,8% және басқа өңірлерден елордаға көшіп келді», – деді басшы.

Сондай-ақ ол 1998 жылы Астанада жалақының мөлшері өте төмен болғанын атап өтті.

«1998 жылы Астанада жалақы төмен болды. Мысалы, сол жылы жалақы 12 880 теңгені құраса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша елордадағы орташа орташа жалақы 227 003 теңгені құрайды», – деп түйіндеді сөзін Құндызбек Әбдірәсілов.

Дәурен ЕРБОЛАТ


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<