21-28 мамыр аралығында «Бәйтерек» монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады, деп хабарлады мәдениет және спорт басқармасынан.
«Еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығының салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету сынды жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.
«Бәйтерек» монументі 29 мамырда келушілер үшін есігін қайта ашады. Ескерткіш үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 300 теңге, ересектер үшін – 700 теңге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<