Астанада Cinema City кинотеатрының пайдаланылмай тұрған ғимараты өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан бөлек тұрған бір қабатты павильондағы өртті сөндіріп жатқанын хабарлады.
Төтенше жағдайдың егжей-тегжейі нақтыланып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Cinema City кинотеатры мен ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылған. Шамамен 10 жылдық қызметі барысында ол Астанадағы ең танымал демалыс орындарының біріне айналған.






