Астанада Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті

291

0

Фото: ҚР Үкіметі

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ХАҚҚ атқару комитетінің төрағасы Асхат Оралбай, Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеев қатысты.

Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) – 1993 жылы құрылған және Орталық Азиядағы негізгі аймақтық органдардың бірі. Қазақстан 2026 жылға дейін ХАҚҚ төрағалығын қабылдады және бүгін Қор басқармасының бірінші отырысын өткізді. 

«ХАҚҚ Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына ықпал ете алатын өңірлік ынтымақтастықтың қуатты ұжымдық құралына айналды. ХАҚҚ шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылдың және мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қор Арал дағдарысына байланысты кең ауқымды мәселелерді шешуге біздің елдеріміз күш-жігерін біріктіре алды. Басқарманың қазіргі отырысы елдеріміздің күш-жігеріне қосымша серпін беретініне сенімдімін. Арал теңізі бассейніндегі су-энергетикалық ресурстарды өзара тиімді пайдаланудың ұзақмерзімді тетігі қажет. Сондай-ақ Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі энергетикалық және ирригациялық мүдделерді ескере отырып, су қоймаларының жұмыс режимдері бойынша келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету қажет. Су мен энергетика қызметкерлерінің тікелей өзара әрекеттесуі климаттық жағдайларда, яғни, су тасқыны мен құрғақшылық кезінде келісілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», деп атап өтті вице-премьер Қанат Бозымбаев өз сөзінде.

Жиын барысында Қазақстан тарапы Жұмыс жоспарын ұсынды. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруға, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруге арналған 10 бағыт пен 40-тан астам іс-шарадан тұрады.

Екі ауқымды жобаны: аясында өңірде 35 жоба іске асырылып жатқан Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы және Орталық Азияда орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру да басым бағыт саналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<