Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

370

0

Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Иттер көрмесінде еліміздің әр өңірінен келген тазы, төбет және басқа да ит тұқымдары қойылды.Көрме аясында арнайы халықаралық комиссия қазақы тазы тұқымындағы 100-ге жуық итті тексереді.

Зерттеу нәтижесі бойынша комиссия қазақ тазысын халықаралық деңгейде мойындау және «Kazakh Tazy» брендін Қазақстанға бекіту туралы шешім қабылдайды.

Көрмеге қатысу үшін Қазақстан Кинологтар одағы әртүрлі жастағы, санаттағы және түстері әртүрлі 100 итті іріктеп алған.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақы ит тұқымдарын халықаралық деңгейде мойындау үшін FCI-дің (Халықаралық кинология федерациясы) міндетті талаптарының бірі иттерді, олар шыққан елдегі тұқымның жай-күйі мен даму перспективаларын зерттеу.

Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

«Бүгін еліміздің барлық өңірінен итбегілер қауымы жиналып отыр. Көрмеден 90-нан астам асыл тұқымды тазыны тамашалауға болады. Тазы – қазақтың ежелгі ит тұқымы, мақтанышы, жеті қазынаның бірі. Оның шығуы біздің тарихымызбен тікелей байланысты. ХХ ғасырда әртүрлі себептен тазының саны азайып, жоғалуға шақ қалды. Сондай-ақ, тазыны сақтап қалуға тиісті көңіл бөлінбеу салдарынан, иттің өзіне тән бастапқы қасиеттері жойыла бастады», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көрменің ашылу салтанатында.

Министрдің айтуынша, тазы, төбетті сақтап қалу — мемлекеттің назарында.

«Сонымен қатар, төбеттерді де қорғап, әлемдік деңгейде таныту жұмыстары жүріп жатыр. Қазір қазақы иттердің тұқымын сақтап қалу және өсімін молайту жөнінде қоғам мен мемлекеттің күш жігерін шоғырландыру бойынша шаралар қабылдануда, бұл заңнамалық деңгейде бекітілді. Қазақстан мен дүниежүзілік кинологиялық қоғамдастық ит тұқымдарын сақтау үшін ынтымақтастықта жұмыс істейді», – дейді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<