Сурет: Instagram/ police__astana
Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аялдамалардың біріне көліктің соғылуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
«29 қыркүйек күні №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жедел жәрдем желісі бойынша 7 адам оқиға орнынан жеткізілді. Кешенді қарау мен мамандар алқасының қорытындысынан кейін 2 адам жарақаттар мен протездеу бөліміне жатқызылды. 5 науқас амбулаторлық емге жолданды. Олар өздері тіркелген аурухананың бақылауында болады», – деді басқармадан.
Жарақат алғандардың арасында 5 жасар қыз бар.
«Сондай-ақ жедел жәрдем желісі арқылы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына 2018 жылы туған қыз бала оқиға орнынан жеткізілді. Оны травмотолог, нейрохирург, жақ сүйегі мен бетке маманданған хирург қарады. Рентгенографияға түсіріліп, миға компьютерлік томография жасалды. Жарақаты гипспен таңылып, амбулаторлық емге жолданды», – деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<