Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

659

0

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай елордада отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді. Фейерверк 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады», – деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, Республика күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өтеді.

«Мереке аясында елордада түрлі сала бойынша еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, сондай-ақ батылдығымен көзге түскен азаматтар марапатталады», – деді баспасөз хатшы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<