
«Иә, кейбір кісілер ұрысып кетеді. Бізді вандал деп ойлайды. Өйткені біз бас кезінде Сәкен Сейфуллиннің кәдімгідей портретін салып шықтық. Енді, үстінен нүктелерді салып жатырмыз. Содан үлкен кісілер портретті «бүлдіріп жатыр» деп ойлайды. Негізі, бұл да сурет салудың бір стилі. Оны «неопоинтилистік стиль» деп атауға болады. Ондайда мыңдаған нүктелерден бір сурет шығады. Бұл дегеніміз, әрбір адам тариxтың бір бөлшегі іспеттес. Ал бәрін қосқанда тұтас бір тариx, тұтас бір портрет, xалықтың ұлттық коды шығады», – дейді суретші Степан Краснов.
Оның айтуынша, жақын жерден Сәкен Сейфуллиннің портреті анық көрінбеуі мүмкін. Алайда алыстан тамаша картина болып шығады.


Мәселен, Сәкен Сейфуллин көшесінің бас жағында барыстың әдемі суретін салып қойды. Бас кезінде қабырғаны толығымен көк түске бояп тастағанда жергілікті тұрғындар түсінбей қалған. Байбалам салып, шағым түсіргендер де болыпты. Алайда қазір барлығы дән риза.
Ал Ілияс Есенберлин көшесінің бойында тұрған үйдің қабырғасына қазақ қызының суретін салды. «Ол жер-жаһанның тариxын жазып отыр», – дейді авторлар. Жалпы, бүгінде осы іспетті өнерге сұраныс жоғары. Мәселен, күні кеше ғана Астанадағы бір үйдің қабырғасына сурет салған жігіт бүгін Португалияда жүр. Ол жақтан да маңызды бір тапсырыс түскен көрінеді. Айта кетейік, елордада ASTANA Street Art фестивалі өтуде. Соның аясында қазақстандық және шетелдік суретшілер үйлердің қабырғаларына өз туындыларын салып жүр.