Астанада «ТМД аруы» байқауы өтеді

271

0

Астанада «ТМД аруы» байқауы өтеді Астанада 16 елден келген арулар бақ сынайды. Арулар бұған дейін бірнеше іріктеуден өтіп таңдалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қатысушылар ұлттық киімдерін таныстырып, кешкі көйлекпен сахнаға шығады. «Біз үшін бұндай кең көлемдегі шараны өткізу – үлкен жауапкершілік. Мақсат – ТМД елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Қазақстанның атынан байқауда бірнеше ару бағын сынайды, оның екеуі белгілі, үшінші аруға іріктеу 1 шілдеге дейін Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жүруде», – дейді «Velada Group» халықаралық сұлулық агенттігінің бас директоры, Қазақстанда ТМД аруы-2018 байқауының ұйымдастырушысы Зарина Көптілеуова.

16 елден келген арулар қазақ халқының қонақжайлығымен танысып, қайырымдылық шараларына қатысатын болады. Байқау кезінде қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<