Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

392

0

Фото: Қр ҰҚК

21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды  Syrboyi.kz    сайты  Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 — Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.