Астанада жаңа аудан құрылады

523

0

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Халық санының өсуі мен қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданы екі бөлініп, қайта құрылады. Сондай-ақ осы талап шеңберінде жаңа әкімішілік аудан құрылады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Астана аумағы мен қаладағы халық санының жылдық өсу көрсеткішін ескерген мәслихат депутаты Ерлан Қаналимов елордада алтыншы аудан құру мәселесін көтерген еді.

Ұсыныс қабылданып, бас қалада жаңа аудан құру шешімі қабылданды.

«Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады. Өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданының ауданы 8 518 га құрайды. Ал жаңа әкімшілік ауданның аумағы 6 953 га болады», делінген Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<