Астанада және бес облыста 43 градусқа дейін ыстық болады

240

0

Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 
Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Астана мен тағы бес облыста ескерту жарияланды. Күндіз 05-07 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық сақталады. Күндіз 6-7 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 6-7 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Астанада күндіз 7 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ, 7 шілдеде Қызылорда облысында 42-43 градусқа дейін ыстық болатыны айтылады. Қостанай облысында 4-5 шілдеде желдің жылдамдығы сағатына 15-20 метрге дейін күшейіп, кейбір жерлерде жауын жауады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<