Астанада Әл-Фараби көшесіндегі үй ауласында жүк көлігі 6 жастағы баланы басып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай туралы ақпарат “Астана – Что? Где? Когда?» Telegram арнасында тарады.
“Жүк көлігі тағы да баланы басып кетті. Көлік баланы үйлердің арасындағы жолда басып өлтірген”, – деп жазды автор.
Қалалық полиция депратаменті болған жағдайды растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
“Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Әл-Фараби көшесі бойындағы аула аумағында қауіпсіздікке көз жеткізбей, 6 жастағы велосипед теуіп жүрген баланы қағып кетті. Бала бірден ауруханаға жеткізілді”, – деді полиция департаментіндегілер.
Алайда жеткіншек жарақат салдарынан ауруханада көз жұмған.Фото: Видеодан скрин






