Астанаағы ойын-сауық орындарының бірінде 18 жастағы жігіт пышық жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды.
“Жұмадан сенбіге қараған түні елордалық ойын-сауық орындарының бірінде Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Клуб маңында полиция көптеп жиналып, келушілер эвакуацияланды”, – деп жазды куәгерлер.
Желі қолданушылары 2Gis-те түнгі клубтың жабылуын талап етіп жатыр.
Сондай-ақ қазақстандықтарды түнгі клубың болған жағдай елеместен жұмысын жалғастырып жатқаны ашуландырды.
“Клуба 18 жастағы жігіт көз жұмды, ал олардың парақшалары stories жариялап отыр. 2GIS платформасында қызметкерлердің өздері жағымды пікірлер жазып, жағымсыз пікірлерді төменге түсіруге тырысып жатыр”, – деп жазды желі қолданушылары.
Астана қаласының полиция департаменті адам өлімін растады. Қазір тергу жұмыстары жүріп жатыр.
“Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Анықталғандай, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар дауласып қалған. Жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Ведомство қазақстандықтарға ойын-сауық мекемелеріне барған кезде қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, жанжал туғызатын жағдайлардан аулақ болуды ескертті.






