Бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуы болып жатыр. Шараға еліміздің бұрынғы президенті Нұр-Сұлтан Назарбаев қатысуда. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында мәлім етті, деп хабарлайды Nur.kz.
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында ЭКСПО аумағы мен Mega Silk Way ойын-сауық орталығына жақын маңда орналасқан.
Мешіт аумағы айтарлықтай үлкен, шамамен 10 гектарды құрайды. Ғимаратқа баратын жолда гүл отырғызылып, орындықтар қойылған, сондай-ақ дәл осы жерден әуенді субұрқақтарды да көруге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің ашылуына бүгін таңертең барған. Atameken Business арнасы Telegram-каналында экс-президенттен бөлек салтанатты шараға Асқар Мамин, Амандық Баталов келгенін мәлімдеп, фото жариялады.
Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген дін өкілдері қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<