Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.
Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экпаж командирі қабылдады, – делінген хабарламада.
Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.
Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда әуе кемелерінің паркінде 104 ұшақ бар.






