Астаналық әйел егіз баладан кейін үшем дүниеге әкелді

609

0

фото: №2 көпбейінді қалалық аурухана

18 қаңтар күні Астанада 2024 жылғы алғашқы үшем дүниеге келді. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үшемнің анасы 1998 жылы туған елорда тұрғыны Ажар Қабитова. Бұл Ажардың алғаш ана атануы емес, оның 2020 жылы туған қызы мен 2022 жылы туған егіз баласы бар.

Бұл жолы отбасы 3000 грамм, 2300 грамм және 2500 грамм салмақпен дүниеге келген үш сәбимен толықты.

«Әйел жүктіліктің 34-ші аптасында босанды. Жаңа туған нәрестелер №2 қалалық көпсалалы ауруханада бір аптаға жуық болады. Сәбилердің жағдайы жақсы, салмақ қосып жатыр, дәрігерлердің бақылауында. Ертең барлығы бірге үйлеріне шығарылды», – дейді аурухана өкілдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<