Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерде ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет», – деп жазды Тоқаев.
Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. «Митингінің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша», – деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.





