Қоғалыкөлдік Қайрат Шайхиев қарусыз жүріп-ақ қасқыр ұстады. Бұрындары Төлебай Мырзапияевтай аңшысы бар елді мекеннің бүгінгі жастары да осылай өжеттік көрсетті.– «Алтайбек» егіс алқабында мал қарап жүрген сәтім еді. Күн найза бойы көтерілген тұста бір үйір жылқыны қуып жүрген қасқыр көзге түсті. Астымдағы атым да осал емес еді… Алқапта емін-еркін қуалап жүріп, үзеңгімен соқтым, қамшымен сабадым. Әйтеуір, сол қасқырды шаршатып, қолға түсірдім, – деді Қайрат Тағайбекұлы.
Ауылдағы бұл оқиға ел аузында жүр. Тып-тыныш мал баққан елдің бақ тапқан ұлдары осындай!
Дәулет ҚЫРДАН.
Сырдария ауданы.





