Қызылорда қаласы білім бөліміне қарасты №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде «Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, сынып жетекшілері мен ата- аналар қатысты. Күн тәртібінде 5-11 сынып оқушыларының физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу жөніндегі мәселелер қозғалды. Жиын барысында ектеп директоры А.Мұсабаева, БҰҰ балалар қорымен (ЮНИСЭФ) ұсынылған Қызылорда облысы бойынша 2015-2017 жылдарға арналған кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алуға байланысты жаңадан бағдарламаның енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаөспірімдер арасында суицидтік әрекеттің алдын алуға байланысты ата-аналарға жасөспірімдердің тыныс-тіршілігін күнделікті және жазғы демалыс уақытында қадағалау – олардың өмір қауіпсіздігін бақылауға алуды нығайта түсу керек екенін ескерте кетті.
Мектеп психологы К.Мұхашова бағдарламаның енгізілуі жөнінде Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен таныстырды. Бағдарлама 2015 жылдан бастап жүргізіліп отырғанын, кезең-кезеңімен 8-сынып оқушыларының ата-аналарына таныстырылып, ақпараттандырылып отырғанын атап өтті. Суицидтік қауіп-қатердің кең таралған факторлары жасөспірімнің бақылаусыз қалуы, отбасындағы зомбылық, ата-ананың ішкілікке, есірткіге салынуы, отбасындағы үлкендердің суицидалды мінез-құлқы, эмоциональдық физикалық, сексуалдық зорлық және генетикалық себептермен невротикалық бұзылулар өз-өзіне қол жұмсау қатерін 2-5 есеге арттыратынын атап өтті.
Бала өмірінде отбасы тәрбиесінің алар орны ерекше. Сондықтан әр ата-ана мектеп қабырғасынан бөлек отбасында да балаға жақсы тәрбие бергені абзал.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<