Топ-баннер2

Ата заң жобасы ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндірілді

13

0

Өңірлік және қалалық коалиция өкілдері Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндірді.

Кездесуге Ибадулла Құттықожаев, Сайлаубай Әбішев, Бақытбек Алпыспаев, Гүлшат Мұсаева, Абайбек Жүнісов, Дәурен Сейтжанов және Әбунасыр Алдабергенов қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық форматта пікір алмасты.

Жиын барысында коалиция өкілдері алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, жаңа Конституция жобасы елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған тарихи құжат екенін атап өтті.

Жиында сөз сөйлеген Ибадулла Құттықожаев жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң – мемлекет пен қоғамның дамуын айқындайтын басты құжат. Сондықтан жаңа Конституцияны қабылдау арқылы еліміздің саяси жүйесі жаңарып, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейе түседі.Бұл орайда ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезде халықтың белсенділігі аса маңызды, – деді ол.

Коалиция мүшелері Сайлаубай Әбішев, мәдениет және өнер саласының өкілі Бақытбек Алпысбаев та сөз алып, басты құжаттағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейту секілді маңызды бастамаларға қатысты пікірлерін білдірді.

Жиын соңында коалиция өкілдері ауыл тұрғындарын 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Олар бұл тарихи шешім елдің болашағына тікелей әсер ететінін және әр азаматтың дауысы бұл үшін маңызды екенін атап өтті.